1 мин.

«Қайраттың» УЕФА жастар лигасының екінші кезеңіндегі қарсыласы анықталды

Алматылық «Қайраттың» УЕФА жастар лигасының екінші кезеңіндегі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екі матч қорытындысы бойынша грекиялық ПАОК-ты жеңген словакиялық «Жилина» алматылық клубқа қарсылас атанды. 

«Қайрат» пен «Жилина» арасындағы УЕФА жастар лигасының екінші кезеңінің матчтары 2021 жылдың 3 және 24 қарашасында өтеді.

Еске салайық, алматылық клуб бірінші турда кипрлік АПОЭЛ-мен (1:1, 1:0) текетірестің жеңімпазы атанды.